ВАК мониторинг топтарының жұмысы бәсеңдеген төрт өңірді атады

826

Қазақстанда карантин талаптарын бұзған азаматтар жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам айыппұл төледі, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы коронавирус індетінің таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпаратына сілтеме жасап. 

ВАК мониторинг топтарының жұмысы бәсеңдеген төрт өңірді атады

"Осы жылдың 1 қаңтарынан 24 шілдеге дейін республикадағы мониторингтік топтар 132 088 рейд жүргізіп, 758 679 нысанды қамтыды. 20 158 нысанда шектеу шараларының тәртібі бұзылғаны анықталды. Өткен мерзімде карантиндік шараларды бұзғаны үшін 19026 адам жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 11 376-ы бизнес өкілдері болса, 7 650-ы жеке азаматтар. Жалпы 1,5 миллиард теңгеден астам айыппұлдар өндірілді", – деп хабарлады ВАК.

Тексеру қорытындылары бойынша 91 нысанның жұмысы тоқтатылып, сотқа 334 материал жолданған. Ведомствоаралық комиссияның мәліметтері бойынша республикада қазіргі уақытта 1 мың 860 мониторинг тобы жұмыс істеп жатыр.

"Өкінішке қарай, маусым айындағы талдау жұмыстары мониторинг топтарының жұмысының тиімділігі 32% азайғанын көрсетіп отыр", - делінген хабарламада.
Рейдттермен барынша қамту деңгейінің төмендегені Түркістан, Алматы, Қарағанды және Атырау облыстарында байқалады. "Ashyq" жобасы аясында шағын және орта бизнестің 35 мың 344 субъектісі қамтылған. Заңбұзушылық 482 кәсіпорында тіркелген. 10 маусымнан бастап 24 шілде аралығында "Ashyq" қосымшасының көмегімен азаматтардың санитарлық-карантин шараларын бұзуының 12 168 жағдайы тіркелген. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу