Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғандардың 0,03%-ы, екі компонентті де алғандардың 0,02%-ы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бұл көрсеткіш елімізде қолданылатын вакциналардың тиімді екендігін көрсетіп тұр.
Бүгінгі таңда бірінші компонентті салдырғандардың ішінде 541 адам індет жұқтырған.
"Өндірушілердің ешқайсысы және ешқашан вакциналардың 100% тиімділігіне кепілдік бермейді. Яғни, вакцина аурудан 100% қорғамайды. Сонымен, әзірлеушінің мәліметтеріне сәйкес, мысалы, Спутник V вакцинасы 92% тиімділігін көрсетеді, сәйкесінше, қалған 8%-да иммундық жауап болмайды, яғни адам КВИ-мен ауыруы мүмкін",– дейді комитет басшысы.
Сонымен, "Спутник V" тиімділігі шамамен 92% құрайды екен, ал қалған 8% ауырып қалуы мүмкін.