Вакцина алатындардың санын арттыру қажет

832

Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдерге нақты тапсырма берді.  

Вакцина алатындардың санын арттыру қажет

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты нұсқау үкімет отырысында жарияланды, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"Пандемиямен байланысты жағдай күрделі екенін көріп отырмыз. Қазірдің өзінде 8 аймақ "қызыл аймаққа" кірді. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі 41%-ды, ал реанимациялық орындардың жүктелуі 27%-ды құрап отыр. Вирустың репродуктивтілік индексі - 1,15%. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер ауруханалардағы орындардың толық дайындығын қамтамасыз етуі қажет. Біздің міндетіміз – санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина алатындардың санын арттыру", – деді премьер-министр. 

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, әкімдер эпидемиологиялық жағдайға байланысты шұғыл түрде шектеу шараларын қабылдауы керек. 

"Барлық емдеу мекемелері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толығымен қамтамасыз етілуге тиіс. Өңірлерде санитарлық нормалар мен бетперде режимін сақтауды күшейту қажет", –  деді Үкімет басшысы. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу