Елде коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған оқушылар мектепте оқи алады. Бұл туралы ДСМ СЭБК тамақтану, тәрбие және білім беру объектілерін бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахимжанова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"СOVID-19-ға қарсы вакцинаны толық алған оқушылар сабақты офлайн оқи алады. Мұндай мүмкіндік бар. Бұл – коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) шешімі. Демек оқушылар коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 компонентін алса, оларды мектепте оқытуға болады", – деді Марал Рахимжанова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу