Вакцина алған туристерге Таиландта ПТР тест керек болмайды

847

1 мамырдан бастап ел билігі коронавирусқа қарсы екпе алған туристерді тексеруді алып тастап, екпе алмағандар үшін карантинді жеңілдетті, деп жазады inbusiness.kz.

Вакцина алған туристерге Таиландта ПТР тест керек болмайды

Туристер әлі де кіруге рұқсат алуы керек. Ол үшін Thailand Pass жүйесіне егу сертификатын және ең азы 10 мың долларды құрайтын медициналық сақтандыруды жүктеп салу қажет.

Таиландта шетел азаматтары сапарға 14 күннен кешіктірмей әртүрлі препараттардың екі дозасымен, соның ішінде Sputnik V-мен вакцинацияланса, коронавирусқа қарсы толық вакцинацияланған болып саналады. Sputnik Light егілген азаматтар толық иммунизацияланған болып саналмайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу