Вакцина алғандардың COVID-19 жұқтыру ықтималдылығы 3 есе аз

1355

Олар вирусты басқаларға азырақ таратады.  

Вакцина алғандардың COVID-19 жұқтыру ықтималдылығы 3 есе аз

COVID-19 дертіне қарсы вакцинаның екі компонентін ектірген адамдардың вакцинацияланбағандарға қарағанда коронавирус дертіне шалдығу қаупі үш есе аз,деп хабарлайды Inbusiness.kz Лондондағы Императорлық колледж бен маркетингтік зерттеулермен айналысатын Ipsos MORI компаниясының зерттеушілерінінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

REACT-1 деп аталатын бұл зерттеу нәтижелері 24 маусым мен 12 шілде аралығында Англиядағы 98 233 адамнан алынған сынамаларға негізделген.

"Зерттеудің бүгінгі нәтижелері COVID-19 вакцинациясының маңыздылығын айқындай түскендей болды. Өйткені вакцинацияланбаған адамдардың вирусты жұқтыру ықтималдылығы үш есе көп", – деді Ipsos Mori өкілі Келли Бивер.

Сонымен қатар зерттеушілер вакцина ектірген адамдардың вирусты басқаларға тарату қаупі аз дегенді айтты. Олардың сөзінше, препарат қабылдағандардың ағзасында вирус аз болғандықтан, олар вирусты азырақ таратады. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу