Вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді

4460

Құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді. 

Вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді

ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетті вакцинацияның жұмысқа жіберу шарты ретінде бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға" толықтырулар енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. 

"Бұйрық бойынша коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін күндізгі режимдегі жұмысқа тек COVID-19-ға қарсы вакцина алған қызметкерлер жіберілетіні айтылған. Ал вакцина алмағандар ПТР тестілеудің теріс қорытындысы немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы, коронавиурспен ауырып жазылғанына 3 ай толмағаны туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана жұмысқа жіберілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу