Вакцина алмағандарға демалыс күндері нысандарға кіруге рұқсат беріледі

743

Енді Ashyq мобильді қосымшасындағы "көк" мәртебеге қарамастан, медициналық рұқсаты бар, коронавирусқа қарсы екпе алмаған тұрғындар демалыс күндері кәсіпкерлік нысандарға кіре алады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Вакцина алмағандарға демалыс күндері нысандарға кіруге рұқсат беріледі

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Атамекен" ҰКП мен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына вакцина алмауға медициналық рұқсаты бар адамдардың демалыс күндері нысандарға кіруіне болатынын хабарлаған.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, Ashyq мобильді қосымшасында тұрақты медициналық анықтамасы бар, екпе алмаған тұрғынға "жасыл" мәртебе беріледі. Алайда бүгінде "жасыл" мәртебені көрсету үшін мұндай анықтамаларды автоматтандыру мәселесі пысықталып жатыр.

"Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соңғы уақытта медициналық рұқсаты бар, екпе алмаған тұрғындар Ashyq мобильді қосымшасында "көк" мәртебесі болғанына қарамастан демалыс күндері кәсіпкерлік нысандарға кіре алмайтынын айтып, өтініш жіберіп жатыр. Осыған байланысты ведомство тұрақты медициналық рұқсаты бар тұрғындарға анықтаманы көрсетіп, нысандарға кіргізуге уақытша рұқсат берді", – деді ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу