Вакцина алуға міндеттеу Конституцияға қайшы келмейді – Әділет министрлігі

2879

Медициналық қарсы көрсетілімі жоқ қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға міндеттеу Конституцияға қайшы келмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Вакцина алуға міндеттеу Конституцияға қайшы келмейді – Әділет министрлігі

Ведомство мәліметінше, инфекциялық және паразит аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін Денсаулық туралы кодексте көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараның бірі профилактикалық екпе болып саналады.

"Медициналық қарсы көрсетілімі жоқ, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразит ауруларға қарсы екпелерді алуға міндетті (Кодекстің 85-бабының 4 және 8-тармақтары), олардың қатарына коронавирусқа қарсы профилактикалық екпе де жатады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес)", – деп жазылған хабарламада.

Осылайша, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар үшін коронавирусқа қарсы міндетті вакцинациялаудың құқықтық негіздері бар. 

"Бұл "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды" деген Конституциялық нормаға сәйкес келеді (Конституцияның 31-бабы). Адамның және азаматтың құқығы мен бостандығына кепілдік бере отырып, ҚР Конституциясы мұндай шектеудің жол берілетін шектерін белгілеп, оларды шектеу мүмкіндігін жоққа шығармайды", деп жазылған хабарламада.

Адамның құқығы мен бостандығы және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектелуі мүмкін (Конституцияның 39-бабының 1-тармағы).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу