Вакцина ектірген америкалықтар арасында 116,5 миллион доллар ойнатылады

898

Бұған дейін Нью-Джерси штатының губернаторы Фил Мерфи екпе салдырған тұрғындарға тегін сыра үлестіруге уәде берген болатын.  

Вакцина ектірген америкалықтар арасында 116,5 миллион доллар ойнатылады

АҚШ-тың Калифорния штатында коронавирусқа қарсы вакцина ектіргендер арасында 116,5 миллион доллар көлеміндегі қаражат ойнатылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Калифорния губернаторы Гевин Ньюком Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, алғашқы он жеңімпаз 15 маусымда анықталады. Олардың әрқайсысына бір жарым миллион доллардай үлестіріледі. 4 және 11 маусымда таңдалатын 30 жеңімпазға 50 мың доллардан беріледі.Мұндай лотереяға кем дегенде екпенің бір дозасын ектірген әрі жасы 12-ден асқан америкалықтар қатыса алады.

Бұған дейін Нью-Джерси штатының губернаторы Фил Мерфи екпе салдырған тұрғындарға тегін сыра үлестіруге уәде берген болатын. Ол мамыр айында вакцина қабылдаған әр ересек адамға бір стақан сыра құйылатынын мәлім етті.

"Біз 21 жастан асқан Нью-Джерси тұрғындарын вирусқа қарсы препаратты қабылдауға ынталандыру үшін "вакцина және сыра" бағдарламасын іске қосамыз", – деген еді Мерфи.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу