Вакцина ектірген британиялықтарға жеңілдік ұсынылды

885

Соңғы мәлімет бойынша, бұл елде препараттың 85 миллион дозасы егілді. 

Вакцина ектірген британиялықтарға жеңілдік ұсынылды

Вакцина салдырған британиялықтарға такси және қоғамдық тамақтану орындарында жеңілдік беріледі,  деп хабарлайды Inbusiness.kz  денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.  

"Uber, Bolt, Deliveroo және Pizza Pilgrims – екпе салдырғандарға жеңілдік ұсынатын компаниялар", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.  

Uber тамыз айында барлық тұтынушыларға ескерту жіберіп, оларды вакцинациядан өтуге үндейді. Компания бұған дейін NHS қызметкерлерін осы жылдың басында вакцинация орталықтарына тегін жеткізген еді. Bolt та қазір мұндай бастаманы қолға алып отыр.

Бүгінгі күнге дейін Британияда вакцинаның 85 миллион 196 мың 986 дозасы егілді. 46 миллион адам бірінші дозаны, 38 миллион тұрғын екі дозаны қабылдаған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу