Вакцина ектірмеген италиялық дәрігерлер жұмыстан шығарылуда

687

Үкімет індетпен күреске қатысты жарлық қабылдаған еді.

Вакцина ектірмеген италиялық дәрігерлер жұмыстан шығарылуда

Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдамаған италиялық дәрігерлер қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетіле бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Sky TG24 телеарнасына сілтеме жасап.

Италияда жаппай егу науқаны 2020 жылғы желтоқсан айының соңында басталды. Алғашқы вакцинаны Римдегі Lazzaro Spallanzani ұлттық жұқпалы аурулар институтының қызметкерлері қабылдады. Осыдан кейін дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер егіле бастады.

Елдің министрлер кеңесі індетпен күрес туралы қабылдаған жарлық бойынша, барлық дәрігерлер міндетті түрде вакцинациялануы тиіс. Мемлекеттік және жеке мекемелердің денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері, әлеуметтік сала мен дәріханаларда жұмыс істейтіндер коронавирусқа қарсы екпе салдыруға міндеттелді.

Вакцинациядан бас тартқан дәрігерлер әріптестерімен және науқастармен байланыссыз жұмыс істей алады. Егер ондай мүмкіндік болмаса, вакцинацияланбаған қызметкерлерді міндеттерін орындаудан шеттетуге рұқсат етілді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: pixabay.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу