Вакцинаны шығару жаңа коронавирус індетінің таралуына толықтай тосқауыл бола алмайды. Америкалық миллиардер Билл Гейтс осындай пікірде.
Оның сөзінше, халықтың 60-70%-ы ауруға шалдықпайынша, вирус тарала бермек.
Гейтс вакцинаның екі негізгі міндеті бар екенін еске сала кетті.
"Бірінші міндеті – вакцина егілген адам дертті жұқтырмайды. Екіншісі – екпе енгізілген адам басқа біреуге жұқтырмайды. Бірақ вакцина коронавирустың таралуын толықтай тежейді деп айта алмаймын" – деді ол.
Ескере кететін жайт, Билл Гейтс пен оның жұбайы жетекшілік ететін қайырымдылық қоры вакцинаны шығаруға және әлеуметтік жағдай төмен тұрғындарды қолдау үшін 300 миллион доллар бөлген еді. Қазіргі таңда АҚШ-та 14 вакцина сынақтан өткізіліп жатыр. Кейін осы препараттардың ең тиімдісі қолданысқа енгізіледі.
Табиғат Нұрболат
Фото: marca.com