Вакцина салдырғандарда ауыр реакция байқалған жоқ – маман

1102

Елімізде 14 мыңға жуық адам вакцинациядан өтті.

Вакцина салдырғандарда ауыр реакция байқалған жоқ – маман

Бұл туралы ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК орталығының дәрігер-эпидемиологы Лена Қасабекова мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда коронавирустық инфекциямен ең тиімді күрес жолдарының бірі осы вакцинация екенін бүкіл әлем мойындап отыр. Мединциналық қызметкерлер қауіпті топқа жататын болғандықтан егуді бастадық. Ақпан айының бірінен бастап егілгендердің саны 14 мыңға жуық болды. Сол егілген адамдардың арасында аса қауіпті ауыр асқыну белгілері байқалған жоқ. Бізде кей реакциялық белгілер күтілді. Егу салған орынның қызаруы, аздап ауырсыну белгісі, дене қызуының жоғарылауы және қысқа уақытта артериялық қысымның жоғарылауы байқалды. Бірақ бұл белгілердің барлығы да медициналық көмектің қажетінсіз бірнеше сағаттан бастап бірнеше күнге дейін өздігінен таралып отырды", - деді маман.

Құралай Құралай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу