Вакцина салдыруды сыйлық беру арқылы үгіттеген дұрыс па?

1107

Бұл сауалға Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы жауап берді. 

Вакцина салдыруды сыйлық беру арқылы үгіттеген дұрыс па?

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еркебұлан Оразалин егу пункттері базасында жүргізіліп жатқан ұтыс ойындары туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикер сыйлық ойнату арқылы қолдауда ешқандай өрескелдік көрмейтінін атап өтті. 

"Мұндай тәжірибе бүкіл әлемде қолданылады. Көршілес Ресейде бастапқы айларда жаппай вакциналау белсенді жүрмеген, сондықтан онда ынталандыру үшін қосымша шараларды қолдана бастаған. Мен біздің халқымыз егу пунктеріне ұтыс ойындарына қатысу немесе сыйлық алу үшін келеді деп ойламаймын. Бұл адамдар вакцинация процесін қолдайды және елдегі ұжымдық иммунитетті жақындатады. Сондықтан оларды ынталандыру дұрыс шешім", - деді Еркебұлан Оразалин.

Спикердің айтуынша сауда және қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлер өз ұжымдарын клиенттерді қауіпсіздендіру үшін вакцинациялауға тырысады. 

"Осылайша, ШОБ қоғам алдында індеттің қалада таралу қаупін төмендете отырып, әлеуметтік жауапкершілік танытады. Жалпы, жаппай вакцинация мен ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қала экономикасын қалпына келтіріп, ШОБ қызметін ынталандыруға мүмкіндік береді", - деді басқарма басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу