Вакцинация паспорты сатыла ма?

1051

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы вакцинация паспортын сатуға қатысты ақпаратты жоққа шығарды.

Вакцинация паспорты сатыла ма?

Еліміздің бірқатар ақпарат құралдарында "вакцинациядан өткеннен кейінгі электрондық паспортты сату бойынша жаңа бизнес" туралы материал жарияланған болатын. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы бұл факт әлі расталмағанын және мұндай іс-әрекет заңмен қудаланатынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Аталмыш материал бойынша арнайы қызметтік тергеу жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта вакцинациядан өткендігі туралы электрондық паспортты беру фактісі расталмады. Сонымен қатар, барлық медициналық ұйымдар мен РЭДО-ның ақпараттық жүйелері және дерекқорларын толық салыстырып тексерілуде. Аталған ақпарат расталған жағдайда, тергеу нәтижелері ҚР Заңына сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына берілетін болады. Сонымен қатар Қоғамдық денсаулық басқармасы вакцинациялау мәселелері бойынша жүйелерге қол жеткізе алатын қызметкерлермен алдын алу іс-шараларын жүргізеді", - деп жазылған басқарма таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу