Вакцинацияның әсері байқалды: Қазақстанда көкжөтел азайып келеді

145

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда көкжөтелдің 76 жағдайы тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе төмен, деп жазады inbusiness.kz сайты Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Вакцинацияның әсері байқалды: Қазақстанда көкжөтел азайып келеді Фото: canva

Мамандардың айтуынша, ауру деңгейінің азаюына балаларды жоспарлы вакцинациялау және екпе алмағандарды қайта иммундау жұмыстарының күшеюі әсер еткен.

Дегенмен, ауырғандардың басым бөлігі – 88% немесе 67 бала – екпе алмаған. Олардың ішінде:

  • 69%-ы ата-аналардың вакцинадан бас тартуына байланысты екпе алмаған;
  • 22%-ында медициналық қарсы көрсетілім болған;
  • 9%-ы әлі екпе жасына жетпеген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы 4 айында көкжөтелге қарсы жоспарлы вакцинациямен 178,9 мың бала қамтылды. Оның ішінде:

  • 1 жасқа дейінгі 51,6 мың бала;
  • 1 жастағы 46,7 мың бала;
  • 6 жастағы 80,7 мың бала егілді.

Сонымен қатар, екпе алмаған балаларды қосымша иммундау жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі 64,6 мың бала мен жасөспірім вакцинациямен қамтылған.

Мамандар вакцинация көкжөтелдің алдын алудың ең тиімді жолы екенін және әсіресе кішкентай балаларды ауыр асқынулардан қорғауда маңызды рөл атқаратынын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу