Вакцинадан бас тартқан австралиялықтар 3,6 мың еуро айыппұл төлейді

922

Препарат салдырғысы келмейтіндер қамауға алынбайды.

Вакцинадан бас тартқан австралиялықтар 3,6 мың еуро айыппұл төлейді

Австрияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар айыппұл төлеуге міндеттеледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz Денсаулық сақтау министрі Вольфганг Мюкштайнның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Айыппұл мөлшері – 3,6 мың еуро. Заң жобасы 2022 жылдың 1 ақпанында күшіне енеді. Жасы 14-тен асқан барлық азаматтар міндетті вакциналаудан өтуге тиіс. 

Министрдің айтуынша, препараттан бас тартқандар қамауға алынбайды. 

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынбайтынын ел президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады. Владимир Путин әкімшілік тараптың қысымынсыз вакциналау қарқынын арттыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар ол депутаттарға ағарту жұмыстарын жүргізіп, препараттың артықшылықтары туралы айтуды ұсынды.  

Табиғат Нұрболат

Фото: Pexels.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу