Вакцинаға ең көп қаражат жұмсайтын елдер аталды

636

АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания, Аустралия, Канада және Жапония бірлесіп 3 миллиардтан астам доза алған.

Вакцинаға ең көп қаражат жұмсайтын елдер аталды Фото: reuters.com

Коронавирус пандемиясынан қатты зардап шеккен Оңтүстік Африка, Колумбия және табысы орташа мемлекеттер вакцинациялауға көп қаражат жұмсауға тура келетін елдердің қатарына қосылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Дәл осы елдерге өз экономикасын дағдарыстан құтқару үшін вакциналар аса қажет. Мысалы, Оңтүстік Африка халқының үштен екісін вакцинациялау үшін кем дегенде 1,3 миллиард доллардай қаржы керек. Колумбияға 850 миллион доллардай қаражат жеткілікті.

Ақпан айының ортасында ONE Campaign деп аталатын кедейлікпен және алдын алуға болатын аурулармен күрес жөніндегі ұйым өз есебін жариялаған еді. Онда бай мемлекеттердің шамадан тыс көп вакцинаға тапсырыс бергені жазылған. Мысалы, АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания, Аустралия, Канада және Жапония бірлесіп 3 миллиардтан астам доза алған. Бірақ іс жүзінде олар 2 миллиардтай доза сатып алса да жеткілікті болады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу