Вакциналау паспортына қандай мәліметтер жазылады?

987

Екпе алған қазақстандықтарға вакциналау паспорты беріледі.

Вакциналау паспортына қандай мәліметтер жазылады?

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов вакциналау паспортына қандай мәліметтер жазылатынын түсіндірді. 

"Вакциналау паспортында екпе алған күннің датасы көрсетіледі. Қазіргі вакцианалардың бәрі екі құрамды екенін білесіздер. Яғни, вакцина алған сәттегі адамның физикалық жағдайы да тіркеледі. Бұдан бөлек вакцина туралы деректер беріледі. Сериясы, егілген мөлшері жазылады. Менің ойымша адамның екпе алғанын дәлелдеу үшін осы ақпараттар жеткілікті болады", - деді Тимур Мұратов. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу