Вакцинаны кімдер тегін салғыза алады?

977

Екпе денсаулығына шағымы жоқ адамға ғана салынуға тиіс. 

Вакцинаны кімдер тегін салғыза алады?

Бұл туралы тұмауға қарсы тегін вакцина мәселелері бойынша онлайн-сұхбат барысында "Алмалы ауданы МСАК орталығы" ШЖҚ МКК педиатрия бөлімінің меңгерушісі" Майра Макеева мәлім етті. 

"Вакцинаны тегін 18 жасқа дейінгі балалар, медицина қызметкерлері, 2-3 триместрдегі аяғы ауыр келіншектер, балалар үйі сынды жабық мекемелерде тәлім алып жатқандар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен созылмалы аурулары бар ересек адамдар, 60 жастан асқан қарттар салғыза алады", – деді спикер. 

Сонымен қатар Майра Макеева екпе салу процессі қалай жүзеге асырылатынын айтты. 

"Қазіргі кезде халық бірнеше топқа бөлінген. Учаскелік дәрігер оларға қоңырау шалу арқылы немесе үйлеріне бару арқылы кезегімен емханаға шақырады. Поликлиникаға келген адам алдын ала учаскелік дәрігердің тексеруінен өтеді. Дәрігер коронавируспен ауырған адаммен байланыста болғанын, қандайда бір шағымдары туралы анықтайды. Егер барлығы дұрыс болса иығының жоғарғы жағына екпе салынады. Кейін ол 15-30 минут поствакциналық реакцияны тексеру үшін екпе бөлмесінде қалады", – деді дәрігер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу