Вакцинаны толық алған 964 адам коронавирусты қайта жұқтырған

861

Коронавирусқа екпені толық алған 964 адам СOVID-19-ды қайта жұқтырды. Бұл туралы Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Вакцинаны толық алған 964 адам коронавирусты қайта жұқтырған

Оның айтуынша, СOVID-19-ға қарсы вакцина алған адамдарға ауру жеңіл тиеді. 

"Біз екпе алғандар арасында ауру жұқтыру дерегін бақылап отырмыз. Коронавиусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар арасында 1 325 дерек,... екпені толық алғандар арасында 964 жағдай тіркелді. Екпені толық алғандар арасында ауру жұқтыру көрсеткіші – 0,04%", - деді басшы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол екпе алғандар арасында ауруханаға жатқызылғандар барын жоққа шығарған жоқ.

"Оларға қосымша аурулары әсер еткен. Бірақ жансақтау бөліміне жатқызылғандар да бар. Бірақ олардың үлесі өте аз", - деді Роза Қожапова.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу