Вакцинаны зерттеу толық аяқталмай жатып еге беруге бола ма?

938

Мұндай тәжірибе барлық әлем елдерінде қолданылады. 

Вакцинаны зерттеу толық аяқталмай жатып еге беруге бола ма?

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дауленов орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте QAZVAC вакцинасының клиникалық зерттеу сатылары туралы сөз қозғады, деп хабарлады inbusiness.kz. 

Оның айтуынша Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жасап жатқан вакцинаны клиникалық зерттеудің 3-сатысы жартылай аяқталысымен пайдалуға болады. 

"Иә, клиникалық зерттеу толық аяқталмаған вакцинаны Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат бергеннен кейін салуға болады. Мұндай тәжірибе барлық әлем елдерінде қолданылады. Яғни, зерттеудің үшінші сатысы жартылай аяқталған соң екпе жасауды бастай береді. Әлдемде толық клиникалық зерттеу сатыларынан өткен бірде-бір вакцина жоқ. 15 сәуірде QAZVAC вакцинасын зерттеудің 3-сатысы жартылай аяқтплады. Ал 3-фаза бойынша клиникалық зерттеу сатысы 9 шілдеде өз мәресіне жетеді", - деді вице-министр.

Мирас Дауленовтың айтуынша қазірдің өзінде қазақстандық вакцина уақытша тіркеуден өткен. Ал 15 сәуірден соң препаратты тұрақты тіркеу мәселесі шешіледі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу