Вакцинаның бірінші компоненті коронавирустан толық қорғамайды – дәрігер

1652

Коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алу керек. Себебі, екпенің бірінші компоненті адамды СOVID-19 вирусынан толық қорғамайды. Бұл туралы Алматы қаласы №5 аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзахова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Вакцинаның бірінші компоненті коронавирустан толық қорғамайды – дәрігер

Оның айтуынша, екпенің бірінші компонентін салдырған күннің өзінде вирус жұқтыру қаупі жоғары болады.

"Вакцинаның бірінші компонентін алған адамда (коронавирусқа қарсы – автор) иммунитет толық болмайды. 21 күннен кейін екінші компонентті міндетті түрде алу керек. Нәтижесінде адамда (коронавирусқа қарсы – автор) толық иммунитет пайда болып, вирус жұқтыру қаупі төмендейді. Ал адам вакцинаның екінші компонентін алмаса, (коронавирус жұқтырған жағдайда – автор) ауру жұқтыру қаупі жоғары болады", - деді дәрігер өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Гүлзат Байзахова адам екінші компонентті алғаннан соң көпшілікке жерге шықпай, санитарлық-гигиеналық талапты сақтау керегін атап өтті.

"СOVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып, коронавируспен ауырмаймын деп ойлау қате. Сондықтан екпенің екінші компонентін алып, аурудан толық қорғану керек", - деді бөлім меңгерушісі.

Дәрігер осы күнге дейін қалалық №5 ауруханада коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алмау дерегі тіркелмегенін айтты.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу