Вакцинаның екінші компонентін 3 айдан кейін алуға болады

1413

Cәуір айының 21-нен бастап "Спутник V" вакцинасын алған адамдарға екпенің екінші компонентін бір жарым айдан кейін қабылдауға рұқсат берілді. 

Вакцинаның екінші компонентін 3 айдан кейін алуға болады

Бұған дейін екі аралықтағы уақыт 21 күнді құрайтын, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ел азаматтары вакцинацияның екінші дозасын 45 күн ішінде алуға тиіс. Бұған мүмкіндік болмаған жағдайда екпе алудың екінші кезеңі 45 күннен 90 күнге ұзартылады.

Бұл вакцинацияланғаннан кейінгі 21 немесе 45 күнде түрлі себеппен екінші рет екпе алып үлгермеген адам вакцинаның екінші компонентін 3 айда, яғни 90 күнде ала алады деген сөз.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу