Вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады

823

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шартына қайшы әрекет еткендерге айыпұл салынады.  

Вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады

Сенаттың жалпы отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс пен "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер енгізу жөнінде" ілеспе заң жобасын таныстырды.

Министрдің мәлімдеуінше, кодекс жобасында  Iqos, Glo қорқор, снюстер секілді темекінің жаңа түрлерін тұтынуды шектеу, сонымен қатар шегілмейтін темекі түрлерін әкелуге, өндіруге және таратуға тыйым салу мәселесі қарастырылған. 

Елжан Біртанов екпе жайлы да сөз қозғады. Ол вакциналардың адам денсаулығына әсерін реттеу мақсатында адам денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соғатын вакциналарды әкелу, сатып алу, тасылмалдау, сақтау ережелерін сондай-ақ вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жасау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілетінін айтты. 

Министр медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселесін де тілге тиек етті. 

"Ауылдық жерлерде көшпелі медициналық кешендердің, медициналық пойыздар мен қашықтан медициналық көмек көрсету құралдарының қолжетімділігі артады. Тегін медициналық көмектің көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін медициналық көмекті ақылы негізде бергені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді", – деді Елжан Біртанов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу