Қазақ қорытпа институты ұсынған титан қорытпаларынан өнім алу үшін вакуумдық құюдың инновациялық өндірісі медицинада қолданылатын болады. Жоба ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес компаниясы болып табылатын "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ қолдауымен іске асырылуда.
Техника ғылымдарының кандидаты, жобаның авторы мен жетекшісі, "Қазақ қорытпа институты" ЖШС директоры Ержан Әубәкіровтың айтуынша алюминий, кремний және титаннан алынған қорытпасын тіс емдеу кезінде қолдануға болады. Осындай қорытпа (алюминий оксиді, цирконий оксиді) Еуропа одағында кеңінен қолданылады, тіс никель—хром және кобальт хромды қорытпалардан 2,5 есе жеңіл, бұл тісте пародонтоз (тістің қанжелінуі) қалыптасуының алдын алады.
Аталмыш жобаны іске асыруға 2014 жылы инновациялық грант есебінен 18 млн.теңге бөлінген.
Қазіргі уақытта қорытпа барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардан, талдаудан, сертификаттаудан өткен, медициналық қолданыс үшін өнім өндіруге мемлекеттік лицензия алынған, стоматологиялық қызметтер үшін алюминий қорытпасы негізінде құйылған қорытпаға патенті бар. Сонымен қатар, "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" ШЖҚ РММ ұсынған еріктілерге 30- 40 тіс (протез, коронкалар) салынған.
Сондай-ақ, Алматы қаласының стоматологиялық клиникаларымен келіссөздер жүргізілуде, қазірдің өзінде "Almagest LTD" ЖШС М.Темірбаев профессорының jқу-клиникалық стоматологиялық орталығымен, "Эскулап" ЖШС-мен ортопедиялық стоматология үшін медициналық сипаттағы өнім әзірлеу үшін жеңіл қорытпалар жеткізу туралы келісімдер жасалған.