Валентина Исламова Токио Олимпиадасына жолдама алды

921

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір жолдамамен толықты. 

Валентина Исламова Токио Олимпиадасына жолдама алды Фото: olympic.kz

50 келіде белдесетін Валентина Исламова Олимпиада ойындарының лиценщиясын жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Исламова ширек финалда түркиялық Евин Демирханды 12:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша, 50 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының лицензиясына иелік етті. Исламова жартылай финалда румыниялық спортшымен финал жолдамасын сарапқа салады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу