Валерий Залужный: Украин әскерилерінің соғыс алаңынан қашуы жиіледі

579

Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Валерий Залужный Украинаның көшбасшысы Владимир Зеленскийге қашқындық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы Заңға қол қоюын сұрады.  

Валерий Залужный: Украин әскерилерінің соғыс алаңынан қашуы жиіледі Фото: rbc.ua

Өзінің Telegram-арнасында Украина президентіне осындай хабарлама жіберді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Бүгін мен өте күрделі тақырыпты көтеруге мәжбүрмін-әскери бөлімнен немесе қызмет орнынан өз еркімен кету, қашу, ұрыс даласынан өз еркімен кету немесе қару-жарақпен әрекет етуден бас тарту, бағынбау және жауынгерлік бұйрықтарды орындамау үшін жауапкершілікті күшейту. Мен Жоғарғы Радамен қабылданған заңнамадағы тиісті өзгерістерді қолдаймын және Президенттен заңға қол қоюын сұраймын", - деді Залужный.

Ол қашқындар салдарынан бос қалған орындарды басқа әскерилер жабуға мәжбүр, ал ол өз кезегінде адам шығынына, артқа шегінуге әкелетінін түсіндірді.

"Бос қалған әр орынды жабу бізге үлкен сын-қатер. Бұлай болмау керек", - деді қолбасшы.

УӘК бас қолбасшысының пікірінше, армия тәртіпті сақтайды және аталмыш заң әскери топтар мен бөлімдер командирлерінің "ұстанымын нақты көрсетеді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу