Меладзенің концертіндегі жанжал: үш әйел жауапқа тартылды

116

Полиция Алматыда концерт кезінде болған оқиғаға қатысушыларды анықтады.

Меладзенің концертіндегі жанжал: үш әйел жауапқа тартылды Фото: ЖИ

Іс-шара барысында көрермендер арасында жанжал туындаған. Оларды қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері концерт өтетін алаңнан сыртқа шығарған. Бірақ концерт тоқтатылған жоқ және штаттық режимде жалғасты. Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысқан үш әйел анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Олардың екеуі Алматы облысының тұрғындары. Біреуі сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Екіншісіне қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін айыппұл салынды. Ал Тараз қаласының тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жолданды", – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында концерттің тоқтатылғаны туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат жарияланғаны анықталды. Instagram аккаунтының иесі анықталып, оған жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзғаны және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу