Валюта айырбастау пунктері президент мәлімдемесінен кейін бағамды бірден өзгерте бастады

1349

Сарапшылар бұл әрекетті алыпсатарлық деп отыр.

Валюта айырбастау пунктері президент мәлімдемесінен кейін бағамды бірден өзгерте бастады

Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы өсуде. Inbusiness.kz тілшісінің жүргізген сауалнамасы бойынша айырбастау пунктері кеше сағат 20.00-ге қарай маңдайшадағы жазуды өзгерте бастаған.

19 наурыз күні сағат 23.30-да Алматыдағы жекелеген пунктер таблосындағы "сату" деген жерде бір доллар 388 теңге деп көрсетіліп тұрды. Жаңалықтан пайда көрмек болған кейбір айырбастау пунктеріндегі ауқым бір доллар үшін 382 теңгеден 385 теңгеге дейінгі аралықта болды.

Бағам Нұрсұлтан Назарбевтың Қазақстан президенті өкілеттігін доғару туралы хабарландыруынан кейін өзгере бастады. Үндеу сағат 19.00-де басталып, республикалық телеарналардан көрсетілді.

"Менің ойымша, теңгеге Қазақстан президентінің аяқ астынан отставкаға кетуі мен пайда болған саяси тәуекелдер әсер етті деп ойлаймын. Алайда бағам қатты өзгереді деп ойламаймын, өйткені экономикалық көрсеткіштер тұрақты. Бағамды көтеріп отырған алыпсатарлық қозғалыс президент сайлауы туралы күн хабарланатын болса, апта соңына дейін тоқтауы мүмкін", – деді inbusiness.kz –тің өтініші бойынша түсініктеме берген IFC Markets сарапшысы Дмитрий Лукашов.

Тап осы уақытта Ұлттық банк:

"Валюта нарығындағы жағдай тұрақты және теңге бағамын себепсіз төмендетуге негіз жоқ. Қазақстан Ұлттық банкі және екінші деңгейлі банктерде халықтың және ұйымдардың сұранысын қамтамасыз ету үшін қолма қол валюта көлемі жеткілікті. Ұлттық банк теңгенің биржалық бағамын қолдау және оның қысқамерзімді құбылуын реттеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын. Қазіргі теңге бағамы тұрақты және биржада Ұлттық банктің қатысуынсыз қалыптасуда. Сыртқы және ішкі экономикалық көрсеткіштер де теңге бағамының тұрақтылығына көмек. Тап қазіргі уақытта қолма қол валюта нарығында қандай да бір алаңдаушылық пен даурығу үшін еш себеп жоқ. Ұлттық банк айырбастау пунктеріндегі жағдайды бақылауда ұстайды. Айырбас бағамын көтеріп, алыпсатарлыққа жол берген жағдайда шұғыл шешім қабылдау үшін Ұлттық банктің филиалдарына хабарласуға кеңес береміз", – деп ақпарат берді.

 Атап кетер болсақ, Кurs.kz мәліметіне сәйкес, бірқатар айырбастау пунктері 19 наурыз күні бекітілген сату көрсеткішін сақтап, өзгеріссіз қалдырған.

Көптеген валюта айырбастау пунктері валютаны шамамен бір доллар үшін 377 теңгеден сатты.

Ұлттық банктің 19 наруызға бекіткен ресми бағамы бір доллар үшін – 375,9 тенге за доллар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу