Валюта бағамы қалай құбылды?

294

Ұлттық Банктің 7 қаңтарға белгілеген валюта бағамдары белгілі болды. 

Валюта бағамы қалай құбылды? Фото: Inbusiness.kz

Республикалық маңызы бар үш қаланың айырбастау пункттеріндегі валюталардың орташа сараланған бағамы аталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

7 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық Банктегі валюта бағамдары келесідей: 1 доллар – 453,43 теңге; еуро – 494,74 теңге; рубль – 4,98 теңге.

Елордада долларды сатып алу – 454 теңге, сату – 458 теңге. Еуроны сатып алу 496 теңге болса, сату – 501 теңге, ал рубльді сатып алу – 4,85 теңге, сату – 5 теңге.

Алматыда долларды сатып алу – 455,8 теңге, сату – 458,5 теңге. Еуро: сатып алу – 496,5 теңге, сату – 500,5 теңге. Ал ресей рублін сатып алу 4,92 теңге болды, сату – 5,11 теңге.

Шымкентте 1 долларды сатып алу 455,5 болса, сату – 457 теңге. Еуроны сатып алу – 495 теңге, сату – 498 теңге. Рубльді сатып алу – 4,91 теңге, сату – 4,95 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу