Валюта бағамы құбылып тұр

752

Валюта бағамы құбылып тұр

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 13 шілдедегі доллардың орташа бағамы 327,12 теңге болды. 12 шілдедегі таңғы сессияның қорытындысымен салыстырғанда, ұлттық валюта 1,37 теңгеге жоғарылады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 318-328 аралығында өзгеріп тұрғанына екі айдай уақыт болды. Алайда сарапшылар теңге құнының әлі де құбылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл ұлттық валютасының бағасын қымбаттатып отырған АҚШ-тың жаңа экономикалық стратегиясымен байланысты көрінеді. Сарапшылар сондай-ақ, бұл – мұнай өндірісінің көлемін азайтуды көздеген "ОПЕК ПЛЮС" келісімінің әлеуетін трейдерлердің дұрыс бағаламауымен де байланысты деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу