Валюта нарығында серпіліс: доллар 475 теңгеден асты

134

Бір тәуліктің ішінде шетел валютасы 12,32 теңгеге өсіп, соңғы уақыттағы ең жоғары динамиканың бірін көрсетті. 

Валюта нарығында серпіліс: доллар 475 теңгеден асты Фото: www.caravan.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 475,31 теңгеге жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл өсім валюта нарығындағы құбылмалылықтың артқанын көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай өзгерістер сыртқы нарықтардағы факторлармен қатар, ішкі сұраныстың күшеюіне де байланысты болуы мүмкін.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында доллар 474,90 теңгеден қабылданып, 481,90 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда валюта бағамы 477,39 теңге мен 480,24 теңге аралығында қалыптасқан.

Нарықтағы жағдайға байланысты алдағы күндері теңге бағамының бағыты сыртқы экономикалық факторлар мен мұнай бағасына тәуелді болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу