Валюта нарығында юань-теңге және еуро-доллар бойынша сауда көлемі өсті

2022 жылдың қазан айында валюта нарығындағы сауда 24,3%-ға артып, 3,3 трлн теңгеге жетті.  

Валюта нарығында юань-теңге және еуро-доллар бойынша сауда көлемі өсті Фото: internationalwealth.info

2022 жылдың қазан айында Қазақстан валюта нарығында юань-теңге, еуро-доллар және доллар-теңге жұптары бойынша сауда-саттық көлемі артты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская онлайн брифингте мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазан айында юань-теңге жұбы бойынша сауда көлемі 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 3,6 есе өсті. Биржада юаньның теңгеге шаққандағы орташа бағамы 3,8%-ға төмендеді", - деп хабарлады Хорошевская KASE брифингінде.

Оның айтуынша, еуро-доллар жұбы бойынша сауда көлемі де 30,9% өскен. Саудадағы оның үлесі 46,1%-ға жетті, ал еуро бағамы қазан айының соңында 1,5%-ға өсті. Доллар-теңге жұбындағы сауда көлемі 32,4%-ға артты, ал сауда-саттық көлеміндегі оның үлесі 40,4%-ды құрады.  Қазан айының соңында доллар бағамы 1,7%-ға төмендеп, 468,23 теңгеге жетті.

"Еуро-теңге жұбындағы сауда көлемі 90%-ға, рубль-теңге жұбындағы сауда көлемі 14%-ға төмендеді. 2022 жылдың қазан айында валюта нарығындағы сауда көлемі қыркүйекпен салыстырғанда 24,3%-ға өсіп, 3,3 трлн теңгеге жетті", – деп атап өтті Хорошевская.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу