Теңге әбден шатқаяқтап, доллар қымбаттағанның үстіне қымбаттап жатыр. Тіпті, мұндай ахуалдан шошып қалған қор биржасы сауда-саттықты жарты күнге тоқтатуға мәжбүр болды. Айырбас бекеттерінде доллар сатылмай, тақтайшалары да сөніп тұрды. Түс ауа жұмысы жанданған КАСЕ-де Америка банкнотасы 495 теңгеден бір-ақ шықты. Оның өзінде көк қағаздың шабысын Ұлттық банк тежеп тұр. Теңгенің одан бетер теңселуінен сақтап қалу үшін реттеуіш құрылым тағы да 98 млн долларға интервенция жүргізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу