Валюталық бақылауға қатысты жаңа заң жобасы заңнамаға жоспарлы түрде өзгеріс енгізуді көздейді

562

Валюталық бақылауға қатысты жаңа заң жобасы заңнамаға жоспарлы түрде өзгеріс енгізуді көздейді

"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заң жобасының нормаларын іске асыру валюталық операциялар туралы ақпарат ауқымын кеңейтуге, валюталық бақылаудың тиімділігін, оның ішінде елден ақшаның әкетілуіне қарсы іс-қимыл үшін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков бүгін Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісінде баяндама жасаған кезде айтып берді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Ол жаңа заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы құру жағдайында валюталық заңнамаға жоспарлы түрде өзгеріс енгізу болып табылатынын атап өтті.

"Заң жобасының негізгі міндеті валюталық операциялардың статистикалық мониторингінің қамтылуын кеңейту және Қазақстан аумағындағы шетел валютасын есеп айырысуларда пайдалануды қысқарту болып табылады. Бұл ретте заң жобасында ырықтандырылған валюталық режим қағидаттарын сақтау көзделген", - деді Смоляков.

Сөз сөйлеуінде ол заң жобасының негізгі өзгерістеріне тоқталды, онда: шетелдік ұйымдардың филиалдарын резиденттер деп тану; трансшекаралық сипаттағы валюталық операциялардың қамтылуын кеңейту; капиталды әкетуге бағытталған операциялар бойынша валюталық бақылауды күшейту; Қазақстан аумағында валюталық құндылықтардың айналыста болу тәртібін және резиденттер арасында рұқсат етілген валюталық операциялар тізбесін нақтылау қамтылған. Заң жобасын қолданысқа енгізу мерзімі – 2019 жылғы 1 шілде.

Ол қазіргі уақытта қолданыстағы валюталық заңнама бойынша шетелдік ұйымдардың филиалдары бейрезиденттер болып табылады және тиісінше, резиденттерімен валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқығы да бар деп айтты.

Мәселен, 2016 жылы шетелдік ұйымдар филиалдарының Қазақстан резиденттерімен шетел валютасындағы операцияларының көлемі 2,5 млрд. АҚШ долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу