Валюталық қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі жақында аяқталады

925

Валюталық қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі жақында аяқталады

Валюталық қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2018 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады, деп хабарлайды ҰБ баспасөз қызметі.

Ипотекалық қарыз алушыларға жәрдемдесу үшін 2015 жылдан бастап мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық банк Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда, оған 300 млрд теңгеден астам бөлінді. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылардың 156 млрд теңгеден астам сомаға тең берешегін кешіреді.

2015 жылы бөлінген 130 млрд теңге банктердің 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде берген және жалғыз баспанамен қамтамасыз етілген қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған.

"Жылдық 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша бұрын капиталдандырылған сомаларды шегергенде  қарыздың негізгі боршының қалдығы қайта қаржыландырылуға тиіс. Қарызды қайта қаржыландырған кезде жекелеген банктер қарыз алушының әлеуметтік және қаржылық жай-күйін ескере отырып, сыйақы мөлшерлемесін төмендету, қарызды өтеудің жеңілдікті кезеңін ұсыну, қарыз мерзімін ұлғайту және т.б. түрінде жақсартатын жағдайларды ұсынады", - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев.

Борыштық жүктемені жеңілдету мақсатында қарыз алушының сыйақы, тұрақсыздық сомасы (өсімпұл), комиссия бойынша берешегін банктер кешіруге тиіс. Бұл ретте бағдарламада қарыз алушының бүкіл борышын толық есептен шығару көзделмеген.

Ол 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Бағдарламаның арқасында 25 000-нан астам қазақстандық отбасының өздерінің жалғыз баспанасын сақтап қалуға және борыштық жүктемесін айтарлықтай, кейбір жағдайларда 40%-дан астам төмендетуге мүмкіндік алғанына баса назар аударды.

 "Ақша игерудің револьверлік тетігін ескере отырып, қайта қаржыландырылған қарыздардың саны 2026 жылға дейін 40 мыңға жуық болуы мүмкін", - деді Александр Терентьев.

Бағдарлама жеке тұлғалардың шамамен 22 мың валюталық қарыздарын қосымша қамтиды.  

Сонымен қатар А. Терентьев валюталық қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімінің 2018 жылғы 15 желтоқсанда аяқталатынына, банктердің валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімінің 2018 жылғы 30 желтоқсанда бітетініне басты назар аударды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу