Валюталық түсімдердің 30%-ын міндетті сату нормасы тоқтатылды

471

Бұл шешім 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болады.     

Валюталық түсімдердің 30%-ын міндетті сату нормасы тоқтатылды Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасының Үкіметі валюта нарығының теңгерімділігін ескере отырып және квазимемлекеттік сектордағы компанияларға валюта ағындарын басқару кезінде  мүмкіндіктерін кеңейту үшін валюта түсімдерінің 30%-ын міндетті сату жөніндегі норманы тоқтатты, деп жазады Inbusiness.kz Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі бұл шараны алғаш рет 2020 жылы сыртқы жағдайлардың нашарлауына байланысты қолданған еді. 2023 жылдың ақпан айында міндетті сату нормасы 75%-дан 50%-ға дейін, ал 2023 жылғы шілдеден бастап 50%-дан 30%-ға дейін төмендетілді", — деп түсіндірілген хабарламада.

Аталмыш шешім 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болады.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу