Валютаны сату мен сатып алуда шектеу енгізілді

1252

2021 жылдың 1 қаңтарына дейін айырбас пунктерінде айырбас бағамында айырбас межесі сақталуы шарт. 

Валютаны сату мен сатып алуда шектеу енгізілді

Шетелдік валюта үшін сату мен сатып алудағы айырмасының шекті меже бекітілді. Яғни, Ұлттық банк айырбас бағамы бойынша жаңа қаулы шығарды, деп хабарлады Atameken Business.

Құжат 14 шілдеде қабылданған. Оған сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін айырбас пунктерінде айырбас бағамында айырбас межесі сақталуы шарт. Біріншісі – АҚШ ақшасы – доллар үшін қойылған. Мұндағы сату мен сатып алу айырмасы 6 теңгеден аспауы қажет. Ал Еуроодақ валютасы – Еурода 7 теңге айырмасы сақталады. Әйтпеген жағдайда айырбас бөлімдері "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заңын бұзған болып есептеліп, қатаң жауапқа тартылады.

Қаулы бекітілген күннен кейін 10 тәулік ішінде күшіне енеді. Яғни, 24 шілдеден бастап, бұл қаулыны барлық айырбас пунктері сақтауға міндетті.

Қазір бір доллардың бағамы 413-415 теңге, ал еуро 470,5-472,5 теңгеге саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу