Ван И мен Энтони Блинкен кездесті

429

Энтони Блинкен іс-сапармен Қытайға барды.

Ван И мен Энтони Блинкен кездесті Фото: eadaily.com

Бейжіңдегі "Дяоюйтай" мемлекеттік резиденциясында Қытай Компартиясы ОК (ҚКП) Сыртқы істер жөніндегі комиссия кеңсесінің басшысы, ҚКП ОК Саяси Бюросының мүшесі Ван И ҚХР-да іс-сапармен жүрген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті, деп жазады Inbusiness.kz.

ТАСС хабарлағандай, келіссөздер жабық форматта өтті. Дипломаттарды бірге суретке түсіргеннен кейін баспасөз қызметкерлерінен шығып кету сұралды.

Жексенбіде Блинкенді ҚХР Сыртқы істер министрі Цин Ган қабылдады. Кездесу барысында ол Қытай-Америка қатынастары екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар орнағаннан бергі ең төменгі деңгейге жеткенін атап өтті. 

Қытай сыртқы саясат ведомствосының басшылары Америка Құрама Штаттары "Бір Қытай" қағидатын ұстанып, Тайвань сепаратистеріне көмек көрсетпеуі керек екенін атап өтті.

Блинкеннің іс-сапары біраз елдің назарында.  Мысалы, Жапония елі АҚШ пен Қытай қарым-қатынасы әлемдік қоғамдастықта үлкен рөлге ие екенін атап өтті. Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында Жапон үкіметінің бас хатшысы Хироказу Мацуно мәлімдеді.

Мемлекеттік хатшы Қытай билігінің екі өкілімен кездесіп үлгергенімен, жапондық және америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Блинкеннің ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінсіз оның Бейжіңге сапарын сәтті деп атауға болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу