Варшава мен Алматы арасында ұшақ қатынайды

1010

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі алдағы уақытта Қазақстан мен шет мемлекеттер арасында қандай жаңа әуе рейстері ашылатынын хабарлады.

Варшава мен Алматы арасында ұшақ қатынайды

– Оманның "SalamAir" авиакомпаниясы келесі жылы Маскаттан Алматыға ұшатын рейстерді ашатын болады;

 – Эйр Астана авиакомпаниясы Джиддаға рейстерді ашуды жоспарлауда;

– 2020 жылдың І тоқсанында SCAT авиакомпаниясы Джиддаға аптасына 3 рейсті ұшыруды жоспарласа, осы жылы Мединаға аптасына 2 рейс ұша бастады.

– Биылғы жылдың 22-24 қазанында Азиядағы ірі лоукостің бірі – Air Asia тасымалдаушысы мен жаһандық тасымалдаушы – Singapore Airlines компаниясымен келіссөздер жүргізілді;

–  "Уральские Авиалинии" авиакомпаниясымен келіссөздер жүргізілді, биылғы жылдың 22 желтоқсанында Екатеринбург – Алматы бағыты бойынша рейс ашылатын болады;

– Fly Arystan авиакомпаниясы 2019 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша күн сайын қатынайтын рейстерді ұшыра бастайды;

– LOT авиакомпаниясымен келіссөздер жүргізілді, польшалық авиакомпания 2020 жылдың жазынан бастап Варшавадан Нұр-Сұлтанға аптасына келетін рейстер санын 7-ге дейін арттырса, 2021 жылдан бастап Алматыға қатынайтын рейстерді ашпақ. 

"Катар ("Qatar Airways" авиакомпаниясымен), Біріккен Араб Әмірліктерінің (Emirates, Fly Dubai авиакомпанияларымен)  және т.б елдердің авиациялық билігімен жаңа әуе қатынастары жөнінде келіссөздер жүргізу жоспарланған",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу