Варшавада Әділхан Ержановтың "Атбайдың шайқасы" фильмінің әлемдік тұсаукесері өтті. Картина 11-20 қазан аралығында өткен 35-ші Варшава Халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысты.
Туындыны фестивальде режиссер Әділхан Ержанов, сондай-ақ басты рөлдерді сомдаған Данияр Алшынов, Санжар Мәди және де фильмнің бас продюсері Әсель Садуақасова таныстырды. Қазақстандық прокатқа бұл фильм келесі жылы шығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу