Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Варшавадан келген науқастан коронавирус инфекциясын қалай анықтағандарын айтты.
"Варшавадан келген науқасты біз өзге елдерден келген азаматтарға мониторинг жүргізу кезінде анықтадық. Ол эпидемиологиялық тұрғыда қауіпсіз саналатын Польшадан Варшава рейсімен келсе де, деректер жинау процесінде Германияда болғанын айтты. Осы факт бойынша, соңғы 14 күннің ішінде Германияда болса, біз қосымша тексеру керек деп шештік. Оны біз 12 наурыз күні жатқызғанбыз. Кеше тест нәтижесіне күмәніміз болды. Бүгін қайталап лабороториялық зерттеу жүргізгенде инфекция бар деген нәтиже көрсетті. Жалпы тест нәтижесін нақтылауға шамамен 5-6 сағат кетеді", – деді маман.
Есжан Ботақара