АҚШ астанасы Вашингтонда жолаушылар ұшағы әскери тікұшақпен әуеде соқтығысып, Потомак өзеніне құлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты әуежай рейстерді уақытша тоқтатты.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған Bombardier CRJ700 ұшағы Канзас штатының Вичита қаласынан Вашингтонға жоспарлы рейспен ұшып шыққан. Әуе кемесі қонуға жақындағанда әскери тікұшақпен соқтығысқан.
CNN арнасының соңғы мәліметінше, ұшақ бортында 64 адам болған. Оның ішінде 60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі бар. Құтқару операциясы жалғасуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу