Вашингтон штатында маска кию міндеттеледі

962

Жергілікті билік індеттің таралуына қарсы қатаң шара қабылдады.

Вашингтон штатында маска кию міндеттеледі

АҚШ-тың Вашингтон штатында коронавирус инфекциясының таралуын тежеу үшін тұрғындарға бетперде кию міндеттелмек. Штат губернаторы Джей Инсли бұл ереже 26 маусымнан бастап күшіне енетінін мәлімдеді.

"Бүгін біз маска киюге қатысты жаңа бастаманы қолға алғалы отырмыз. Денсаулық сақтау министрі Джон Висман маска киюді міндеттейтін жарлыққа қол қояды. Жұма күні ереже күшіне енеді", – деді губернатор.

Енді штат тұрғындары масканы ғимаратта және әлеуметітік ара-қашықтықты сақтау мүмкін болмаған жағдайда сыртта да киюге тиіс. 

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетін пандемия деп таныған еді. Соңғы мәлімет бойынша, осы күнге дейін вирус 8,9 миллион адам жұқтырып, оның 469 мыңы қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат

Фото: peninsuladailynews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу