Вашингтон штатында мемлекеттік қызметкерлер вакцина егуге міндеттелді

717

Бұл тізімде дәрігерлер де бар.  

Вашингтон штатында мемлекеттік қызметкерлер вакцина егуге міндеттелді

Вашингтон штатының губернаторы Джей Инсли мемлекеттік қызметкерлер мен медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егуге міндеттелгенін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап.  

"Жаңа ережеге сәйкес, мемлекеттік атқарушы билік органдарының, жергілікті мердігерлер мен еріктілердің басым бөлігі, мемлекеттік және жеке сектордағы медицина қызметкерлері, соның ішінде қарт адамдарға күтім жасайтындар 18 қазанға дейін COVID-19 дертіне қарсы вакцинациядан өтуі керек", – деп жазылған хабарламада.

Губернатордың жарлығына сәйкес, бұл азаматтар 4 қазанға дейін екпенің екінші дозасын қабылдауға тиіс. Сонда ғана олар 18 қазанға дейін толықтай вакцинацияланған болып есептеледі. Вашингтон штатында  "дельта" штамының таралуына байланысты ауруханаға түсіп жатқандардың саны күрт өсіп жатыр. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу