Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Украина президенті Владимир Зеленскийдің Дональд Трамппен болған дау-дамайынан кейін "оның кездесуге қатысты өкініш білдіргенін" "оң қадам" деп бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, қазір Украинаны қаржыландыру мәселесі қайта қаралып жатыр. Ал Украинадағы сирек кездесетін металдар келісімі бойынша келіссөздер жалғасып жатыр. Ливитт келіссөздің бүге-шүгесін айтпады.
Киев Украина мен АҚШ өкілдері жуырда кездесу өткізетіндерін мәлімдеді. Кездесуге кімдердің қатысатыны әзір белгісіз.
Украина президентінің әкімшілігі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтцпен әділетті және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін алдағы қадамдарды талқылаған.