Қазақстандық боксшы, Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Гамбургтегі әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Жарыстағы бірінші жекпе-жегінде бразилиялық боксшы Жоан Гонсалвешті айқын жеңді, деп хабарлайды vesti.kz.
91 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз бразилиялық боксшыдан сенімді түрде айласын асырды. Қабағы жарылған Жуан дәрігерлерден бірнеше рет көмек те алды. Төрешілер 5:0 (30:26, 30:27, 30:27, 30:27, 30:27) есебімен Василийді жеңімпаз ретінде таныды.
Қазақстандық боксшы келесі кездесуін аустралиялық Джейсон Уотлиге қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек 29 тамызға жоспарланған.
64 келіге дейінгі салмақта Бекдәулет Ибрагимов Еуропа чемпионы атағына ие армян боксшысы Ованес Бочковқа жол беріп, жарысты аяқтады. Төрешілер 3:2 есебімен Бекдәулеттің қарсыласын жеңімпаз ретінде таныды.
Бүгін шаршы алаңға үші боксшымыз шығады. Күндізгі сессияда 69 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов италиялық Винченцо Манджакапремен, Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) неміс Макс Келлермен жұдырықтасады. Кешкі сессияда 841 келіге дейінгі салмақта Ерік Әлжанов Аустралия елінің былғары қолғап шебері Клэй Уотерманмен шеберлік сынасатын болады.