Аммандағы іріктеу турнирінде екінші қазақстандық боксшы финалға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Шаршы алаң иесімен өткен кездесу қазақстандық спортшыға оңай болған жоқ.
Төрешілер бірінші раундты бірауыздан Хусейн Ишаиштың еншісіне жазды. Екінші раундта Левит өз мықтылығын дәлелдеп, 5:0 есебімен таразы басын теңестірді.
Аса тартысты өткен үшінші раунд та Левиттің жеңісімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық боксшы Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына жолдама алып отыр.
Айта кетелік, Василий Левит қатарынан екінші Олимпиадаға қатысады. Ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасының лицензиясын еншілеген спортшылар қатарында.